Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жақында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен Салық базасын ұлғайту мәселесін іске асыру бойынша мәжіліс өтті. Мәжілісте аудан әкімі кент және ауылдық округтеріне, дербес бөлім, мекеме басшыларына салық базасынының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін жеткізіп, оларға бір қатар тапсырмалар берді. Салық төлеушілерді тіркеу, еңбекақы қоры мен жалдамалы жұмысшыларды, тіркелмеген мүліктерді түгендеу жүргізілуі тиіс. Заңсыз кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттардың нақты санын және олардың салық төлеуші ретінде тіркелгенін, қайта бағалау мен бағалау құнының нарық бағасына сәйкестігін зерделеңіздер. «Кәсіпкерлік мақсатта заңсыз пайдаланып отырған балабақша нысандарын заңдастыру керек. Ауыл шаруашылығы техникалары мен арнайы техникаларды, ауыл шаруашылығы жері мен көлдерді жалға беру арқылы пайда табатын тұлғаларды айқындап, салықтық міндеттемелерін орындату өте маңызды» деді - аудан әкімі.
Мәжіліс отырысындағы күн тәртібіндегі мәселеге қосымша кәсіпкерлікті дамыту мәселесі, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша және жауапты сала басшыларына бір қатар тапсырмалар берілді.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 ақпан 2025 ж. 50 0