Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІСТЕ КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

МӘЖІЛІСТЕ КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен Көктемгі егін егу науқанына дайындық барысы туралы мәжіліс отырысы өтті. Күн тәртібінде 2025 жылғы егілетін дақылдар, майлы дақылдарға басымдық беру, көктемгі егінге ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы, Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайы, егісті әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалану, дизель отынының мерзімінде алыну мәселелері талқыланды. «Мол өнімге қол жеткізу үшін сапалы тұқыммен, минералды тыңайтқышпен уақытылы қамтамасыз етілуі тиіс. Үкімет тарапынан жыл сайын көктемгі егіс жұмыстарына және күзгі егін жинау науқанына қажетті арзандатылған жанар-жағармай бөлініп отыр.
Сонымен қатар, күріш егісінің көлемін нақтылап, егіс реттілігін (ротация) қатаң сақталуын және ішкі шаруашылық каналдарды тазарту жұмыстарын жүргізу керек» - деді аудан әкімі. Мәжілісте аудан әкімі 2025 жылы егіс орналастыру жұмыстарын уақытылы, сапалы әрі тиімді ұйымдастыру және Егінге аяқсу жеткізу қызметінің қарыздардың толық көлемде төленуі қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

14 ақпан 2025 ж. 112 0