Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: ТАЗАЛЫҚ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: ТАЗАЛЫҚ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Шиелі ауданы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қызылорда облыстық мәслихатының №112 шешімімен бекітілген Абаттандыру қағидалары барлық тұрғындар мен мекемелер үшін міндетті. Онда көшелер мен аулаларды таза ұстау, ғимарат қасбеттерін күтіп-баптау, рұқсатсыз қоқыс төкпеу, қалдықтарды арнайы орындарға шығару және санитариялық талаптарды сақтау нақты белгіленген. Рейд барысында тиісті бөлім қызметкерлері мен жергілікті полиция өкілдері заңбұзушылықтарды анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жеке және заңды тұлғаларға ескертулер берілді. Абаттандыру мен тазалықты сақтау – тек мемлекеттік мекемелердің емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы екенін тағы да еске саламыз.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 шілде 2025 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031