Жоғалып бара жатқан жеті қасиет
Кейде айналамызға қарап отырып, «Біз нені жоғалтып алдық?» деген ой келеді. Үйлеріміз биіктеді, жолдарымыз кеңейді, технология дамыды. Бір батырмамен әлемнің кез келген нүктесімен тілдесе аламыз. Бірақ адамдардың бір-біріне деген ықыласы, сыйластығы, мейірімі дәл сол қарқынмен дамып жатыр ма?Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан болмысын айқындайтын асыл қасиеттері болған. Сол қасиеттердің арқасында ел еңсесін тіктеді, ұрпағын тәрбиеледі, қиындықты бірге еңсерді. Бүгінде сол құндылықтардың біразы көмескіленіп бара жатқандай әсер қалдырады.
Бірінші қасиет – үлкенді құрметтеу
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген сөз бекер айтылмаған. Қазақ үлкеннің алдын кесіп өтпеген, төрден орын берген, батасын алған. Өйткені үлкеннің өмірлік тәжірибесін байлықтан жоғары қойған. Қазір қоғамдық көлікте орын ұсынбайтын жастарды, ата-анасымен дөрекі сөйлесетін балаларды көргенде, бұл қасиеттің әлсірегенін еріксіз мойындайсың.

Екінші қасиет – сөзге беріктік
Бұрын қазақтың бір ауыз сөзі келісімшарттың орнын басатын. «Айтылған сөз – атылған оқ» деп, уәдеден аттамауды ар санаған. Қазір «ертең хабарласамын», «міндетті түрде барамын», «орындаймын» деген сөздердің орындалмай қалуы қалыпты жағдайға айналып барады.

Үшінші қасиет – қанағат
Қазақ «Қанағат қарын тойғызады» деген. Байлықтан бұрын бардың қадірін білуді үйреткен. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер өзгемен жарысуға итермелейді. Біреу алған дүниені екіншісі де алуға тырысады. Ал қанағат азайған жерде көңілдің тыныштығы да жоғалады.

Төртінші қасиет – ұят
Ұят – қазақ тәрбиесінің өзегі болған ұғым. Бірақ оның мәні қорқыту емес, керісінше адамның ішкі ар-ожданында еді. Қазір кейде «ұят болады» деген сөздің орнына «ештеңе етпейді» деген түсінік басым болып бара жатқандай.

Бесінші қасиет – қонақжайлық
Қазақ үшін қонақ – құт. Үйге келген адамға барын ұсынып, төрінен орын берген. Бүгінде уақыттың тапшылығы, өмір қарқыны адамдардың бір-біріне баруын сиретіп жіберді. Көршісінің атын білмейтін адамдар көбейді.

Алтыншы қасиет – мейірім
Мейірім – адамды адам ететін ең асыл қасиет. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, жоқ-жітікке қол ұшын созған. Қазірде де қайырымдылық жасап жүрген жандар көп. Бірақ күнделікті өмірде бір-бірімізге жылы сөз айтуға, кешірім сұрауға, алғыс білдіруге сараң болып бара жатқанымыз жасырын емес.

Жетінші қасиет – жауапкершілік
Қазақ баланы кішкентайынан жауапкершілікке тәрбиелеген. Ұлға – елдің, қызға – отбасының аманатын сеніп тапсырған. Ал қазір кейде кінәні өзгеден іздеу, міндеттен жалтару, жауапкершілікті біреуге ысыра салу жиілеп кеткендей.

Бұл қасиеттер бір күнде жоғалып кеткен жоқ. Олар әлі де халқымыздың бойында бар. Ауылдағы ақсақалдың батасында да, ана әлдиінде де, қарапайым адамдардың жанашырлығында да өмір сүріп келеді. Алайда оларды сақтап қалу өздігінен жүзеге аспайды. Бала үлкенге қалай сәлем беруді үйінде көреді, уәдеге беріктікті әкесінен үйренеді, мейірімді анасының ісінен бойына сіңіреді. Демек, қасиетті сақтайтын да, жоғалтатын да – өзіміз.
Қазақтың күші ешқашан тек қаруында немесе байлығында болған емес. Оның күші – сөзінде, пейілінде, бірлігінде, адамдық қасиетінде болды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ