23 ТАМЫЗ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН МАҢЫЗДЫ ТАҢДАУ
23 тамыз күні өтетін құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл науқан азаматтарға өз таңдауларын жасап, өңірдің дамуына үлес қоса алатын лайықты үміткерлерді анықтауға мүмкіндік береді.Сайлау – демократиялық қоғамның негізгі қағидаттарының бірі. Ол халықтың еркін білдіруге, мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуға және елдің болашағына қатысты маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етуге жол ашады. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы қоғамдық жауапкершіліктің айқын көрінісі саналады.
Бүгінде елімізде азаматтардың сайлау құқығын еркін жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Әрбір дауыс заңмен қорғалады және елдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Аудан тұрғындарын 23 тамыз күні сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз. Себебі өңірдің бүгіні мен келешегі әр тұрғынның жауапты таңдауына байланысты. Елдің ертеңі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.






