Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымбұлаққа барар жолда қозғалыс төрт айға шектеледі

Шымбұлаққа барар жолда қозғалыс төрт айға шектеледі

Шымбұлаққа барар жолда қозғалыс төрт айға шектеледіМедеу - Тұйықсу тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24 шілде мен 30 қараша аралығында Медеу - Тұйықсу тасжолында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. "Осыған байланысты Медеу - Тұйықсу тасжолында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, арнайы техниканың кедергісіз жұмыс істеуі және жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін қажет", - деді әкімдік өкілдері. Соған қарамастан, Шымбұлақ шатқалындағы туристік нысандар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Жол төтенше жағдайлар қызметтерінің көліктеріне, шатқал тұрғындарына, сондай-ақ, арнайы техникаға ашық болады.
"Жаяу туристер үшін шатқал мен туристік нысандарға кіру мүмкіндігі сақталады. Балама бағыт ретінде Студенттер соқпағын пайдалану ұсынылады. Бағыт "Медеу" бөгеті жанындағы №12 және №21 автобус бағыттарының соңғы аялдамасынан басталып, бөгеттің төменгі жағымен өтіп, "Горельник" визит орталығына дейін жалғасады", - деп жазылған хабарламада. 
23 шілде 2026 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930