Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорданың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Елорданың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Елорданың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледіБүгін, 1 тамызда ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық-саяси шаралардың өтуіне байланысты үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, 7-10 тамыз аралығында қаланың жекеленген көшелерінде, атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:
  • «Есіл» (Оңтүстік айналма жолы, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық , Керей – Жәнібек хандар к-рі);
  • «Нұра» (Тұран , Ұлы Дала даңғылы);
  • «Алматы» (Тәуелсіздік даңғылы, Ж. Нәжімеденова , Қ. Аманжолова к-рі).
Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметі дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтетінін атап өтті.
«Іс-шаралар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген хабарламада.

01 тамыз 2024 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31