Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 қараша күні елімізде теледидар мен радио жұмысын уақытша тоқтатады

21 қараша күні елімізде теледидар мен радио жұмысын уақытша тоқтатады


21 қараша күні елімізде теледидар мен радио жұмысын уақытша тоқтатадыҚазақстанда 21 қарашада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телевизия мен радио уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. 21 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
фото: gov.kz 
18 қараша 2024 ж. 173 0