Қазақстан мұнай экспортын уақытша тоқтатуы мүмкін
Қазақстан танкерлерге жасалған бірқатар шабуылдарға байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.Bloomberg мәліметінше, теңізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстан үшін негізгі экспорттық бағыт саналатын Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы КҚК терминалына мұнай жеткізу тоқтатылуы мүмкін. Бұған танкерлерге жасалған шабуылдар себеп болып отыр.
Дереккөздердің мәліметінше, мұнай айдауды тоқтату сейсенбіге жоспарланған. Алайда Bloomberg материалы жарияланған сәтте бұл шешімнің күшіне енген-енбегені нақты белгісіз. Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкерлер тағы да дрон шабуылына ұшырағанын жазған едік.








