Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады

Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады

Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосыладыЕлімізде жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, 2025 жылғы 1 желтоқсанда пилоттық режимде іске қосылған бағдарлама бірнеше айдан кейін құқықтық және техникалық мәселелерге байланысты уақытша тоқтатылған.
«Салалық мемлекеттік органдардан бірқатар ескертулер келіп түсті. Атап айтқанда айыппұлдарды төлеуге кім жауапты болатыны, салықтық өндіріп алу мәселелері және цифрлық жүйелер мен деректер базасының толық интеграцияланбауына қатысты сұрақтар көтерілді», деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта бағдарламаны іске қосуға қажетті заңға тәуелді нормативтік акт мемлекеттік органдардың келісуінен өтіп жатыр. Құжат күшіне енгеннен кейін бағдарламаның іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарланады. Еске сала кетейік, бұған дейін Ерсайын Нағаспаев елімізде ұлттық жеңіл автокөлік брендін құру мәселесі пысықталып жатқанын айтқан еді. 



21 шілде 2026 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930