Байлықтың өлшемі – жомарттық
«Сауысқан жемін басып жейді, бүркіт шашып жейді» дейді қазақ. Халықтың осы бір қанатты сөзінің астарында адам болмысының тұтас философиясы жатыр. Бірі барын қызғыштай қорып, өзінен арттырмайды. Екіншісі қолындағысын елдің игілігіне жұмсап, өзгенің қуанышын өз бақыты санайды. Өйткені нағыз байлық жүректегі жомарттықпен өлшенеді.Шиелі жұртында сондай азаматтың бірегейі ретінде Бағлан Әмреұлы Әшірбековтің есімі ерекше құрметпен аталады. Ел ішінде оны «Бай» деп атайтыны да сондықтан. Бұл – дүние-мүлкіне емес, дархан көңіліне берілген халықтың бағасы.
Еңбекпен өрілген өмір
Бағлан Әмреұлы 1956 жылдың 10 қыркүйегінде Еңбекші ауылында дүниеге келді. Қарапайым ауылдың қара топырағында кіндігі кесілген баланың кейін туған жердің тірегіне айналарын сол кезде ешкім болжай алмаған шығар. Жастайынан жердің қадірін, еңбектің қасиетін бойына сіңірген ол 1984 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша тәмамдайды. Алайда оның еңбек жолы диплом алған күннен емес, одан әлдеқайда ертерек басталған еді. 1976 жылдан бастап «Коммунизм» колхозында күріш звеноводы болып еңбекке араласты. Кейін бригадир, партия комитетінің нұсқаушысы, бас агроном қызметтерін атқарып, ауыл шаруашылығының әр сатысынан өтті.

Қай қызметте жүрсе де оның бойынан ұйымдастырушылық қабілет, жауапкершілік пен іскерлік қатар көрінді. Кез келген істі соңына дейін жеткізетін тиянақтылығы мен жаңа бастамаларға ашықтығы әріптестерінің де, ауылдастарының да құрметіне бөледі.
Гаванадан басталған мақтаныш
Адам өмірінде ешқашан ұмытылмайтын сәттер болады. Бағлан Әшірбеков үшін сондай ерекше кезеңнің бірі – 1978 жылы Кубаның астанасы Гаванада өткен XI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі. Сол айтулы шараның ашылу салтанатында Қазақстанның байрағын көтеріп шығу бақыты оған бұйырды. Бүгінде сол тарихи сәттің суреттері мен құжаттары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде және Н.Бекежанов атындағы музейде сақтаулы.

Дала академигінің тағылымы
Бағлан Әмреұлы өз өміріндегі ең үлкен мектептің бірі ретінде аты аңызға айналған дала академигі, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың тәлімін ерекше құрметпен еске алады. Ұлы диқанның егіс басындағы әрбір ақылы, әрбір кеңесі оның өмірлік ұстанымына айналды. Сондай-ақ еңбек ері Шырынкүл Қазанбаеваның жанында жүріп, күріш өсірудің қыр-сырын меңгерді. Осындай тұлғалардың тәлімі оның бойында еңбекке деген құрметті, жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырды.

Тәуекелден туған табыс
2004 жылы Бағлан Әмреұлы «Әшірбеков» шаруа қожалығын құрды. Ол кезең ауыл шаруашылығы үшін күрделі уақыт болатын. Қолда бар техника ескірген, мемлекеттік қолдау жоқтың қасы, қаржы тапшылығы сезілді. Көпшілік ауылдан үдере көшіп жатқан тұста ол туған жерден кетуді емес, туған жерді көтеруді таңдады. Бастапқыда небәрі төрт адаммен басталған шаруашылық бүгінде өңірдегі іргелі агроқұрылымдардың біріне айналды. Қазір мұнда жүздеген гектар егін егіледі, 30 адам жыл он екі ай тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруашылық заманауи техникамен жабдықталған, күріш өңдеу цехы жұмыс істейді, мал шаруашылығы қатар дамып келеді.

Биыл шаруашылық 650 гектар жерге күріш, 100 гектар мақсары, 120 гектарға бидай егіп, тағы 120 гектарға жаңа жоңышқа орналастырды. Бүгінде бидай толық орылып, гектарынан 22 центнерден өнім алынған. Жалпы 240 тонна астық қамбаға құйылды. Шаруашылықтағы 20-ға жуық техника түгелдей жаңартылған. Су үнемдеу мақсатында жер лазерлік тегістеуден өткізіліп, тамшылатып суару технологиясы қолданылды.
Егіннен бөлек шаруашылықта төрт түлік мал түгел өседі. Сондай-ақ тәулігіне 80 тонна күріш ақтайтын зауыт жұмыс істеп тұр.
«Еңбек – бәрін жеңбек»
Бағлан Әмреұлының өмірлік ұстанымы қарапайым.

– Біздің жұмыста таңмен таласа тұру – міндет. Әр істің берекесі адал еңбекке байланысты. Қай салада жүрсең де өз ісіңнің маманы болуың керек. Мен жастардан да осыны талап етемін, – дейді ол.
Бұл сөздер оның күнделікті тіршілігінен анық байқалады. Егіс алқабында да, техника жанында да, жұмысшылардың ортасында да оны жиі кездестіресің. Басшылықты кабинеттен емес, еңбек даласынан жүргізетін азаматтардың қатарына жатады.
Шаруашылық еңбеккерлерінің де тіршілігі қызу. Алқаптағы Абзал Сарыбаев бастаған күрішшілер аптап ыстыққа қарамастан дәнді баласындай күтіп-баптап әлек. Ал зауыт ауласында механизаторлар Еркін Еспембетов, Айдос Тұяқбаев пен Талғат Бердіқұловтар науқанға техникаларын сақадай сайлап отыр. Зейнетке шықса да кәсібінен қол үзбей, темірдің тілін тапқан Жұманазар Бералыұлы да бір сәтке тыным таппай, зауыттағы техникалардың бабын келтіруге өз үлесін қосып жүр.
Жомарттықтың жарқын үлгісі
Бағлан Әшірбековтің халық арасындағы абыройын арттырған бір ғана нәрсе болса, ол – қайырымдылық. Ол өз дәулетін ешқашан жеке басының игілігі деп қараған емес. Ауылдың қажеті туындаса, бірінші болып қол ұшын созады. 2012 жылы Еңбекші ауылындағы «Баба ата» мешітінің салынуына демеушілік жасады. Н.Бекежанов ауылына спорт кешені мен дәрігерлік амбулатория тұрғызып берді. Наурыз мерекесі мен Қарттар күні қарсаңында аз қамтылған отбасылар мен еңбек ардагерлеріне азық-түлік пен күріш үлестіруді дәстүрге айналдырған. Ең үлкен сауапты ісінің бірі – баспанасыз жүрген 12 отбасыға өз үйілерін салып беруі. Бүгінде сол шаңырақтардан балалардың күлкісі естіліп, түтін түзу ұшып жатыр.

Жастарға жол көрсеткен жан
Бағлан Әмреұлы үшін табыстың ең үлкен өлшемі – өзінен кейінгілердің өсіп-өркендеуі. Сондықтан ол кәсіп бастаймын деген жастарға техникасын да береді, ақылын да айтады, қаржылай көмегін де аямайды.
Тіпті көршілес Жаңақорған ауданының жас шаруалары да одан кеңес сұрап келеді. Себебі тәжірибе де, сенім де, қолдау да осы азаматтың жанынан табылады. Өзі өскен ортаға сүйеу болу – оның өмірлік қағидасына айналған.
Елге қалатын мұра
Адамның өмірі өткінші. Бірақ оның артында қалатын ізі мәңгілік. Қазақ «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дейді. Шиелі жұртының Бағлан Әмреұлын «Бай» деуі – байлығы үшін емес, кеңдігі үшін. Себебі елге берген адам ғана халықтың жүрегінен орын алады. Ал жүректен орын алған адамның есімі уақыт өткен сайын асқақтай береді.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ