Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САЛЫҚ ТҮСПЕЙ, БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ

САЛЫҚ ТҮСПЕЙ, БЮДЖЕТ БҮТІНДЕЛМЕЙДІ

Салық қызметі – мемле­кет­тік құры­лым­ның бірі. Аудандағы салық саласының қызметкерлері өз міндеттерін абыроймен атқарып, өздерін білікті маман ретінде көрсетіп жүр. Осы ретте аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахмановқа алғашқы жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыс жөнінде сауал жолдаған едік.

– Еркеғали Аманкелдіұлы, салық түспей бюджет бүтінделмейтіні белгілі. Осы орайда аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы алғашқы жартыжылдықты қалай қорытындылады?
– Аудан бойынша 2026 жылдың 1 шілдесінде жергілікті бюджет жоспары 111,3% орындалды. Өткен кезеңмен салыстырғанда ЖБ түсім қарқыны 103,5% (142,2 млн теңге), құрады. Ал аудан ­бойынша 2026 жылдың 13 шілдесіне жергілікті бюджет жоспары 89,9% орындалды. Өткен кезеңмен салыстырғанда ЖБ түсім қарқыны 96,7 % (-145,6 млн теңге) құрап отыр.
– Салық базасын ұлғайтудың іс-шара жоспарына сәйкес қандай жұмыстар атқарылып, қанша салық түсті?
– Салық базасын ұлғайтудың іс-шара ­жоспарына сәйкес басқа өңірлерден көшіп келген 8 кәсіпкерлік субъектілерінен жергілікті бюджетке түскен нақты салық сомасы 5051 мың теңге. Жұмысшылардың еңбекақы қорының толық төленуіне жергілікті бюджетке 76 салық төлеушіден 46 млн 225,3 мың теңге жеке табыс салығымен әлеуметтік салық есептелініп өндірілді. Жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығына байланысты кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттарын түгендеу барысында 162 салық төлеушіден 23 млн 993 мың теңге, сыртқы жарнама бойынша 15 салық төлеушілерден 674,3 мың теңге өндірілді. Сондай-ақ өткен жылдар үшін өндірілген көлік салығының берешектері бойынша көлік салығын төлеушілерден 4 млн 698,3 мың теңге өндірілдіі. Басқа да жұмыстар (КТС, мүлік, жер, т.б салықтар) бойынша 206 млн 535 мың теңге қаржы, сонымен қатар түгендеу жұмыстарының есебі бойынша бойынша барлығы 287 млн 177 мың теңге салық төлемдері бюджетке түсіріліп отыр.
– Еркеғали Аманкелдіұлы, елімізде көлік құралдарына салынатын салық – әрбір көлік иесінің заңмен белгіленген міндеті екені белгілі. Бұл салық мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды бөлігі болып табылады және елдің әлеуметтік-экономикадамуына бағытталады. Осыған байланысты, ауданда салық төлеушілердің көлік салығын уақытылы төлеуі қаншалықты орындалып отыр?
– Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша өткен жылдардан қалыптасқан жалпы берешек 01.01.2026 жылғы жағдаймен 40 457,8 мың теңгені құрап, бүгінгі күнге 4 716,0 мың теңгесі өндірілді. Ал биылғы жылдың 1 маусымдағы жағдай ­бойынша жалпы берешек 80 400 мың теңгені құрап, ауылдық округтерге жалпы 36 310 мыңтеңге түсімді қамтамасыз етуге жоспар берілді. 10 шілде күнгі мәлімет бойынша орташа түсім көлемі 3 939 мың теңгені құрап, меже 10,8%-ға ғана орындалды. Межені орындау барысы Еңбекші және Жаңатұрмыс көрсеткіші 50%-дан жоғары. Сонымен қатар Шиелі кенті, Бестам, Қоғалы, Иіркөлжәне Талаптан ауылдық округетерінің көрсеткіштері қарқыны жақсы. Ал Жиделіарық, Тартоғай, Майлытоғай, Ортақшыл және Ақмая ауылдық округтерінен мүлдем түсім түскен жоқ.
Берілген түсім болжамының 100 пайыз орындалуын қамтамасыз ету ауылдық округтердің әкімдерінің міндетіне жатады. Осыған байланысты жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша түсім жоспарын 2026 жылдың шілде айының 31-не дейін 100%-ға толық орындауы керек.
– Жауабыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан
Мейіржан ИБРАГИМОВ
20 шілде 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031