Арнауға арқау азамат
9 шілде – су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесі ретінде аталып өтті. Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы аудандық «Шиелі сушар» мекемесінің қарапайым қызметкерлері мен жұмысшыларын марапаттап, құрмет көрсетсе, дастархан басында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мекеме басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Дихан Уәлиханұлына арнау өлеңін оқып берді.Кім білмейді шиелілік Диханды,
Жақтырмайтын анау-мынау қиқаңды.
Шай беруде сушар күні шаттанып,
Осында жинап досты, ел-жиһанды.
Су деген тіршіліктің көзі емес пе?!
Су перісі Диханның өзі емес пе?!
Шаруаға ең керегі Әубәкіровтың,
Су берем дейтін тәтті сөзі емес пе?!
Судан ол күріштікті қалдырған жоқ,
Жоғарыдан айыппұл салдырған жоқ.
Суды реттеп бөледі суға қарап,
Құдайдан өзі сұрап алдырған боп.
Жаны жайсаң жігіттердің төресі,
Өзгелерден биікте тұр өресі.
Жас кезінде тек ондыққа тиетін,
Садақ атса оның әрбір жебесі.
Біреудің ала жібін аттамады,
Сағынышты наз күндер артта қалды.
Дос түгілі айналада өріп жүрген,
Дұшпанына ренжіп, кек сақтамады.
Басқа түскен қиындықтан қашпады,
Өмірінде ыза жерді баспады.
Сөзге шебер шешендігі тағы бар,
Қарсыласын үндетпей бір тастады.
Адамың да, күрішің де шөлдейді,
Жер бетінде сусыз дақыл өнбейді.
Мерекеде шалқып отыр су бастығы,
Су сұрасаң Дәкең бүгін жөн дейді.
«Өскен өңір» ақпарат






