ЕЛГЕ АМАНАТ

Фестивалді Шиелі ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, сазгер, ақын Өркен Исмаилұлы және Шиелі аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлбану Рантайқызы ашып берді.
Сонымен қатар, өнер фестивалінде өнерпаздар “Елге аманат” кітабына енген Нартай Бекежанов, Иманжүсіп Құтпанұлы, Есенбек Басалқаұлы, Мұхаммеджан Рүстемов, Тәліп Райымбеков, Қошқарбек Тасбергенов, Өркен Исмаил, Күлсін Тұрғанбекова, Бидалы Бекжігіт, Батырхан Маханов, Нариман Мизамбаевтардың әндері мен күйлері тыңдарманға ұсынылды.
Өнер фестиваліне қатысушылар Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.