Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді

Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді

Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келдіҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 нәресте дүниеге келді. Осылайша, бұл күн мемлекет тарихындағы маңызды оқиғамен қатар жүздеген отбасы үшін де ұмытылмас мерекеге айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметіне сәйкес, дүниеге келген сәбилердің 435-і – ұл, ал 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз дүниеге келген.
Әрбір жаңа туған нәрестенің өмірге келуі – елдің болашағымен сабақтас маңызды оқиға. Ал жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні туған сәбилер мемлекеттің жаңа даму кезеңімен тұспа-тұс келген ерекше буын ретінде бағаланып отыр.
Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған нәрестелердің ата-аналарын қуанышты сәтпен құттықтап, бүлдіршіндерге зор денсаулық, баянды ғұмыр, бақытты балалық шақ және амандық тіледі.
Бұған дейін Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келгенін хабарлаған едік.
Еске сала кетейік, кеше елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.


02 шілде 2026 ж. 36 0