Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум күні туылған сәбилер саны бойынша қай өңір көш бастады

Референдум күні туылған сәбилер саны бойынша қай өңір көш бастады

Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келіп, республикада көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келді. Оның ішінде 70 ер бала, 62 қыз бала және бір егіз бар. Осылайша республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болды, - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз хабарламасында. 
Жалпы өңірде биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Олардың 345-і егіз, 7-еуі үшем. Айта кетейік, Астанада референдум күні 39 сәби, ал Алматы облысында 71 сәби дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз.
07 қазан 2024 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31