Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында биыл бірінші рет үшем дүниеге келді 

Қызылорда облысында биыл бірінші рет үшем дүниеге келді 


Қызылорда облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24». Үш қыздың анасы – Жаңақорған ауданы Қожакент ауылында тұратын 26 жастағы Камила Шайжанова. Жолдасы – Өмірбек Үсенов екеуі бұдан бұрын дүние есігін ашқан екі қызды тәрбиелеп отыр. Айта кетейік, бұл – жыл басынан бергі Сыр өңірінде өмірге келген бірінші үшем. Ал 28 отбасында егіздер туды. Мамандар өткен жылы облыста 3 үшем және 132 егіз дүниеге келгенін айтады. Бірнеше күн облыс орталығындағы «Ана мен бала» орталығы мамандарының қарауында болған үшемдер – Мадина, Фатима және Адинаны бүгін дәрігерлер үйіне шығарды. Кәмила Шайжанова, үшемнің анасы: – 5 және 3 жасар кенже қызым бар. Одан кейін үшем дүниеге келіп отыр. Бүкіл әулет болып қуандық. Денсаулықтары жақсы, ешқандай мәселе жоқ.

www.24.kz
24 сәуір 2019 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930