Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада Конституция аллеясы ашылды

Астанада Конституция аллеясы ашылды

Астанада Конституция аллеясы ашылдыЖаңа Конституциясының күшіне енген күні Астанада жаңа аллея пайдалануға берілді. Аллея Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен Конституциялық Сот ғимараттарының жанында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аллеяның ашылуы символдық мәнге ие. Себебі Конституция – мемлекеттің Ата заңы ғана емес, қоғамдағы ортақ құндылықтардың, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің негізі саналады. «Аллеяның дәл осы күні ашылуы жасампаздыққа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаны жасауға әрі дамытуға деген ұмтылысты және еліміздің одан әрі көркеюіне ортақ жауапкершілікті білдіреді», делінген Конституциялық Соттың хабарламасында. Еске сала кетейік, 1 шілдеде елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады. Президент бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтіп, тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталғанын айтты.

02 шілде 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031