Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат

Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат

Қазіргі таңда жас ұрпақ тәрбиесі – қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе, өскелең буынның бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, үлкенге құрмет, ел тарихына тағзым жасау секілді ұлттық құндылықтарды сіңіру – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы бағытта ұйымдастырылатын тағылымды шаралардың маңызы зор.
Осындай тәрбиелік мәні бар кездесулер мен еске алу шаралары жастардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Өткен тарихты білу – болашақты дұрыс бағамдаудың негізі. Батыр бабалардың ерлігі мен аға буынның өнегелі өмір жолы әрқашан жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс.
Мәселен, Алмалы ауылдық округіне қарасты «21-бекет» елді мекенінде өткен тағылымды шара барысында ауыл тұрғындары мен жастар бас қосып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі дәріптелді. Шараның сәтті өтуіне темір саласының ардагері, Тәңірберген Ақпанов, ауыл әкімшілігі №243 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары зор үлестерін қосты.
Кездесуде ардагерлер кеңесінің өкілдері мен зиялы қауым мүшелері жастарға бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру, ел бірлігі мен татулықты сақтау жайында мазмұнды әңгімелер айтты. Мұндай кездесулердің басты ерекшелігі – жас буынның үлкендердің өмірлік тәжірибесінен тағылым алуы.
Бүгінде тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар тек мерекелік күндермен ғана шектелмеуі керек. Әрбір мектепте, ауылда, еңбек ұжымдарында елдік рухты көтеретін, ұлттық тәрбиені насихаттайтын басқосулар жиі ұйымдастырылуы маңызды. Себебі ұлт болашағы – рухы биік, тәрбиелі жастардың қолында.
Сонымен қатар мәдени-көпшілік шаралар арқылы жастар өнерге, әдебиетке, тарихқа жақындай түседі. Патриоттық әндер мен жырлар, тағылымды қойылымдар мен кездесулер адамның рухани дүниесін байытып, туған жерге деген құрметін арттырады. Бұл – ұлттық тәрбиенің маңызды тетіктерінің бірі.
Қоғамда үлкенді сыйлау, ардагерлерге құрмет көрсету, тарихты ұмытпау дәстүрі үзілмеуі тиіс. Себебі өткенін қадірлеген елдің болашағы да берік болады. Батырлардың ерлігі – мәңгілік өнеге, ал олардың аманаты – ел тыныштығы мен ұрпақ тәрбиесі.
Ерлік рухы ешқашан өшпейді. Ол – ұрпақ санасында жаңғырып, елдік пен бірліктің символы болып қала береді.

М.Кеңесұлы,
сурет автордікі
01 маусым 2026 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930