Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала саулығының сақшысы

Бала саулығының сақшысы

Бала денсаулығы – болашақтың берік іргетасы. Осы маңызды міндетті жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандардың бірі – Әсел Топаева.
Шиелі топырағында дүниеге келген ол ерте жастан-ақ адам өміріне деген қамқорлық пен жанашырлықты өмірлік ұстаным етіп таңдады. Білім жолындағы алғашқы қадамын 2002 жылы 9-сыныпты аяқтағаннан кейін «Охидея» медициналық-фармацевтикалық колледжіне түсіп, медицина саласына бет бұруымен бастады. Бұл оқу ордасы оның кәсіби қалыптасуына негіз болған маңызды кезең болды.
2014 жылдан бері №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектепте мейірбике қызметін атқарып келе жатқан Әсел Маратқызы күн сайын оқушылардың денсаулығын бақылап, аурудың алдын алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және санитарлық талаптардың сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оның жұмысы – тек медициналық қызмет қана емес, бала қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ететін маңызды миссия.
12 жылдық тәжірибе барысында ол талай баланың денсаулығын қорғап, ата-аналардың сеніміне ие болды. Сабырлылығы, кәсіби біліктілігі және ұқыптылығы оны мектеп ұжымы арасында беделді маман ретінде танытты.
Әсел Маратқызы үшін әрбір оқушы – ерекше қамқорлықты қажет ететін жан. Сондықтан ол өз еңбегін тек мамандық ретінде емес, жүрекпен атқарылатын ­жауапты іс деп біледі. Бүгінде оның қызметі – мектептегі бала денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды әрі игі еңбек.

Г.Әбдіхани
13 мамыр 2026 ж. 9 0