Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бедел биігіндегі Ұстаз

Бедел биігіндегі Ұстаз

№148 орта мектебінің ұстазы Сейділдаева Алтыншаш Аяпқызы Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Алтыншаш Аяпқызы – 41 жыл бойы ұстаздық жолда табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог, «педагог-шебер» санатының иегері. Осы уақыт ішінде ол саналы тәрбие мен сапалы білім беруді басты мұрат етіп, талай шәкірт тәрбиеледі. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде 10 шәкірті «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі мен білімге деген адал қызметінің айқын дәлелі.
Ұстаз еңбегі әрдайым лайықты бағасын алуда. Атап айтқанда, 2016 жылы облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан Астана қаласындағы демалыс орнына, ал 2020 жылы Біркөлік демалыс аймағына жолдама берілді. Бұл – көпжылдық еңбектің жоғары бағаланғанының көрінісі. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз бейнетінің зейнетіне жетер күнге де таяды.
Әріптестері арасында беделі жоғары, жаңашыл әрі жауапкершілігі мол ұстаз бүгінгі таңда да жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне зор үлес қосып келеді.
Ұлағатты ұстаз Алтыншаш Аяпқызына зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз. Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңіздің жетістігі арта берсін!

№148 мектеп ұжымы
27 сәуір 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930