Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Еуропалық иммундау апталығы өтуде

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы өтуде

 
2026 жылғы 19-25 сәуір аралығында Қазақстанда «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Иммундаудың  еуропалық  апталығы   өтуде.  Мақсаты - вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғауда барлық  жастағы адамдарды  иммундаудың  маңызын  насихаттауға бағытталған.
2026 жылы науқанның тақырыбы — «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» — вакцинацияның  ондаған  жылдар  бойы  адамдарды, отбасыларды және қауымдастықтарды қорғаудың қауіпсіз әрі тиімді тәсілі болып қала беретінін, сондай-ақ  жалпы  әл-ауқат пен тұрақты болашаққа үлес қосатынын атап көрсетеді. Науқан сондай-ақ вакцинацияға деген сенімді нығайтуға және сұрақтары немесе күмәндері бар адамдармен ашық әрі құрметті  диалог  жүргізуде  медицина  қызметкерлерін қолдауға бағытталған.
Вакциналар қоғамдық денсаулық сақтаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Сарапшылардың бағалауынша, соңғы 50 жылда олар 150 миллионнан  астам адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Бұл адамдардың  өздерін, балаларын және айналасындағыларды қорғау туралы қабылдаған шешімдерінің арқасында мүмкін болды.
Вакцинацияны кеңінен қолдану нәресте өлім-жітімінің айтарлықтай төмендеуіне — шамамен 40%-ға — ықпал етті және ауыр асқынулар мен мүгедектіктің миллиондаған жағдайларының алдын алуға көмектесті. Бүгінде бұрын-соңды болмағандай көп бала өзінің алғашқы туған күніне дейін өмір сүріп, өсіп-дамуға мүмкіндік алып отыр.
 Қазіргі уақытта  елімізде  республикалық  бюджет есебінен  21 инфекциялық және паразиттік ауруға қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізіледі. Вакцинация егілетін адамның келісімімен жүзеге асырылады. Жоспарлы профилактикалық егулер: «А» вирустық гепатиті, «В» вирустық гепатиті, b типті гемофильді инфекция, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, пневмококк инфекциясы, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит, адам папиллома вирусына; эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егулер: құтыру, іш сүзегі, көктемгі-жазғы кене энцефалиті, оба, коронавирус инфекциясы, сібір жарасы, тұмау, туляремия бойынша жүргізіледі.
    Еуропалық иммундау апталығы кезеңінде барлық ниет білдірген ересектер мен балалар, соның ішінде басқа елдерден келген, тіркеусіз тұратын, тұрақты тұрғылықты  жері  жоқтар аумақтық емханаларға барып, тегін екпе ала алады.
Құрметті  аудан тұрғындары! Сіздің таңдауыңыз маңызды. Уақытында екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Г.Айтекеева,
Шиелі аудандық саниариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы
23 сәуір 2026 ж. 43 0