ЕЛІМІЗДЕ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Өңірде 24-30 сәуір аралығында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен иммундаудың еуропалық апталығы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында белгілі болды. Жиынға Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әбдіқайымова Әлия Мүтәліпқызы қатысып, өңірдегі иммундау жұмыстарының маңызына тоқталды.

«Жыл сайын сәуір айының соңғы аптасында өткізілетін Дүниежүзілік және Еуропалық иммундау апталығы барлық жастағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауда вакцинацияның аса маңызын арттыруға бағытталған. Вакцинация - жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы. Соңғы 50 жылда вакциналар 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалуға ықпал етті. Уақытында екпе алу әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі. Иммундау нәресте өлім-жітімін едәуір азайтып, миллиондаған асқынулардың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде балалардың аман-есен өсіп, дамуына вакцинацияның үлесі зор», - деді Мая Мирзанова.
Ал Әлия Әбдіқайымова вакцинацияның қоғам үшін маңызын атап өтті.
«Профилактикалық екпелер елімізде Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Ол 21 инфекцияға қарсы қорғанысты қамтиды. Қазіргі таңда облыста 215 екпе кабинеті жұмыс істейді, ал шалғай елді мекендерге 44 жылжымалы бригада қызмет көрсетуде. Вакцинадан бас тарту көбіне әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға байланысты. Тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамын. Иммундау апталығы аясында халықтың ақпараттылығын арттыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және білім беру ұйымдарында насихат күшейтілмек», – деді ол.
Мамандардың айтуынша, екпе тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Сондықтан әрбір азамат уақытылы вакцина алып, өз денсаулығы мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі