Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Несие: мүмкіндік пе, қаржылық тұзақ па?

Несие: мүмкіндік пе, қаржылық тұзақ па?

Қазіргі қоғамда несие алу күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Банктер мен қаржы ұйымдары ұсынатын несиелер адамдарға өз қажеттіліктерін тез арада қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл қаржылық құралдың артықшылықтарымен қатар, елеулі тәуекелдері де бар.
Бір жағынан несие – үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалы, тұрғын үй сатып алу, көлік алу, бизнес ашу секілді қаражат табу үшін көпшілік қаржы ұйымдарына жүгініп жатады. Бұл кейбір адамның өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Дегенмен, несие әрқашан қауіпсіз емес. Кей жағдайда ол қаржылық тұзаққа айналуы мүмкін. Адам өз табысын дұрыс есептемей, шамадан тыс қарыз алса, оны қайтару қиынға соғады. Пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы, айыппұлдар мен өсімпұлдар қарызды бірнеше есе арттырып жібереді. Нәтижесінде адам қаржылық қиындықтарға тап болып, психологиялық қысымға ұшырауы мүмкін.
Әсіресе жастар несие мен займ сияқты қаржылық құралдарға өте әуес болып кеткен. Біреулер бұрынғы қарыздарын жабу үшін жаңасын алса, ал кейбіреуі көңіл көтеру мақсатында оңай ақшаға жүгініп жатады.
Жуырда танысым 200 мың теңге көлемінде несие алды. Студент үшін бұл – өте үлкен сома. Бар мақсаты сүйіктісіне гүл мен сыйлық алу екенін білгенде таңқалғанымыз рас. Оңай ақшаға қарық болған ол сыйлықтар дүкеніне қарай асықты. Иә, досым ұнатқан адамын қуантқысы келді, ал соңы не болатынына тіптен бас қатырмады.
Біршама уақыт өткен соң несиесін төлей алмай қиналды. Барлық есепшоты бұғатталды. Ал сыйлық сыйлаған қызбен әлдеқашан қош айтысқан еді.
Байқасақ, айналамызда осыған ұқсас оқиғалар өте көп. Замандастарым несие оңай олжа емес екенін түсінсе деймін. Қарызды төлей алатынына сенімді болған жағдай да ғана алуға болады. Яғни несие адамзат баласына қиындық алып келетін және қиындықтан шығуға көмектесетін құрал. Оны кім қалай пайдаланатыны өз еркінде.

Дастан Үсен,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда уиверситетінің
2-курс студенті
21 сәуір 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930