Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Несиесі барлар несІбесіз қала ма?

Несиесі барлар несІбесіз қала ма?

12 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Артынша ақпараттық сайттар шулап, енді азаматтарға несие берілмейтіндігі жөнінде жарыса жазды. Расында солай ма? Зерттеп көрдік.
Қолданыстағы заңға сәйкес барлық несие бойынша жиынтық төлемдер сомасы қарыздық жүктеме коэффициентінен аспауы керек. Бұл несие төлемдері жалпы кірістің 50 процентінен аспауы керек дегенді білдіреді. Мысалы, 200 мың теңге жалақысы бар адам жалпы төлем сомасы 100 мың теңгеден жоғары несие ала алмайды. Егер кіріс мөлшері қазірдің өзінде аз болса және оған қоса әлеуетті қарыз алушының қамқорлығында кәмелетке толмаған балалар болса, онда несиелер бойынша төлемдердің жалпы сомасының қалдығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 37 389 теңге) және 0,5 (18 мың теңге ) әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек.

Жаңа заңда қандай өзгерістер бар?
Бұған дейін қаржы ұйымдары, банк­тер мен микроқаржы ұйымдары несие туралы ақпаратты Несие бюросына 15 күн ішінде ұсынуы керек еді. Осылайша, табысы жеткіліксіз азамат, мысалы, микроқаржы ұйымынан немесе онлайн режимінде бір несие ала алады. Осы уақытта Несие бюросындағы ақпарат жаңартылғанға дейін оған банктен де несие берілуі мүмкін. Нәтижесінде оның несиелерінің жалпы сомасы қарыз жүктемесінің коэффициентінен асып кетеді. Айталық, 200 000 теңге жалақымен ол несиесіне 150 000 теңге төлесе, осының бәрі азаматтардың қарыз жүктемесін ауырлатып, оған қоса кешіктірілген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар өндірілген.
Енді жаңа заңға сәйкес, барлық қаржы институттары, тіпті ломбардтар немесе онлайн шағын несие беру орталықтары бір жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті, бұл қарыз алушыларға табысының 50 процентінен асатын төлемдермен бірнеше несие алуды қиындатады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің айтуынша аталған өзгерістер табысы қарыз жүктемесінің 50 процентінен асатын адамдарға жаңа заң несие алуға кедергі болмайды.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
19 шілде 2022 ж. 487 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031