Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда табысы төмен азаматтарға несие беруге тыйым салмақ

Қазақстанда табысы төмен азаматтарға несие беруге тыйым салмақ

Қазақстанда табысы төмен азаматтар кепілсіз несие ала алмайды. Елімізе осындай тыйым енгізілмек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халық қарызының бақылаусыз өсуіне байланысты жүйелік қатерлерді шектеу үшін, шілде айында барлық тұтынушылық несие субъектілерін тұрақтандыру периметріне қосуды қарастыратын заң қабылданған еді.

«Жыл соңына дейін берешегін өтеуі 90 күннен асып кеткен кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша айыпақы, комиссия және басқа да төлемдердің есептелуіне тыйым салуды, сонымен қатар табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды қарастыратын шаралар қабылданады», - деді Ерболат Досаевү үкімет отырысында.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, әсіресе, табысы төмен азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруді ынталандырмауға бағытталған тұрақтандыру шаралары қабылданады.

14 қазан 2019 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31