Банктер тұтынушылық кредит бойынша өсімпұл мен айыппұлды кешірді ме?
Банктердің бірі жақында тұтынушылық кредит бойынша өсімпұлы мен айыппұлды кешірді деп естідім. Мұның Президент жарлығына қатысы бар ма?
Жауап: Иә, мұның Президенттің жақындағы жарлығына қатысы бар. Жарлыққа сәйкес кредиттерді кешіру 2 кезеңде жүзеге асады.
1) Банктер 1 шілде күнгі жағдай бойынша кепілсіз, тұтынушылық кредит бойынша кімде өсімпұл (пеня), айыппұл болса бәрін кешіруі керек. Әлеуметтік статусы, сомасы, уақыты маңызды емес. Кімде тұтынушылық кредиті бойынша өсімпұл болды, бәрінікін алып тастады. Оны алғашқы болып Kaspi Bank 1 шілде күні орындап, клиенттеріне хат жолдаған. Хабарламада неше теңге өсімпұл кешірілгені көрсетілген. Президент жарлығына сәйкес 5 млнға жуық адамның тұтынушылық, кепілсіз кредит бойынша өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі.
2) Кредиті кешірілетіндердің келесі санаты — көпбалалы, мүгедек т.б әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың санаты. Бұл санатқа кіретін адамдардың тізімін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап, қаржы саласындағы бақылаушы, рететуші, қадағалаушы ұйымдар мен банктерге ұсынады. Ол санаттағы адамдардың 3 млн теңгеге дейінгі кредиті бар адамдардың 300 мың теңгесін мемлекет жабады. Бұл бойынша толық кешіру шамамен қыркүйек айында жүзеге асады.
7kun.kz