Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусымнан бастап зейнетақы мен жәрдемақының көлемі артады

Маусымнан бастап зейнетақы мен жәрдемақының көлемі артады

2022 жылғы 12 мамырда шыққан «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, 1 сәуірден бас­тап базалық зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.
Дәлірек айтсақ, елдегі орын алған инфлияцияны ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) базалық зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4% индекстелді. Осыған сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш деңгейі көтеріліп, тиісінше базалық зейнетақы мен жәрдемақының көлемі 4 процентке артты.
Заңға сәйкес 1 сәуірден бастап: Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге мөлшерінде; Ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге; Ең төмен күнкөріс деңгейі (ЖМ) - 37 389 теңге; Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге.
Айта кетейік, қазақстандықтар жоғары зейнетақы мен жәрдемақыны 2022 жылғы мау­сымнан бастап ала бастайды. Сондай-ақ маусым айында олар ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында алу керек болған қосымша ақыны алады. Ал көтерілген зейнетақы мен жәрдемақыны 6,6 млн қазақстандық алады.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
04 маусым 2022 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031