Нұрмахан Елтай: әзілдің де өз мәдениеті болуы керек
1 сәуір – күлкі күні. Осы ретте Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі сатирик, облыстық «Сыр бойы» газетінің Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы меншікті тілшісі болған, бүгінде «Шарайна-Сейхун» басылымының директор-редакторы Нұрмахан Елтаймен сұхбаттасудың сәті түсті. Қаламгердің мыңға жуық очерк, мақалалары мен сатиралық, публицистикалық кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланып, іздеп оқитын дүниеге айналған. Осы шығармашылық әлемнің қыр-сырын ашқан әңгімемізді ұсынамыз.– Аға, ең алдымен 1 сәуір – күлкі күні сіз үшін қаншалықты маңызды?
– Бұл күн мен үшін жай ғана әзілдесетін уақыт емес. Күлкі – адамның жүрегін жеңілдететін, көңіліне шуақ беретін күш. Өмір жолында әрқайсымыз түрлі қиындықтарға, көңілсіздік пен уайымға ұшыраймыз. Сол кезде кішкене ғана күлкі де жанға дем беріп, ойды тыныштандырады, көңілді сергітеді. Сондықтан мен 1 сәуірді тек «күліп өту күні» деп есептемеймін, оны жүрекке жеңілдік әкелетін, жанға қуаныш сыйлайтын ерекше сәт деп санаймын. Мен үшін бұл күн – көңіл мен ойдың үндескен уақыты, адамға шаттық пен қуаныш сыйлайтын бір сәт.

– Сіздің алғашқы мамандығыңыз – агроном, яғни ауыл шаруашылығы саласының майталманы екеніңіз белгілі. Сол кең далада, егістіктің арасында жүріп, шығармашылыққа қалай жол таптыңыз?
– Жаратушы әр пендесін бір нәрсеге бейім етіп жарататыны белгілі. Адам өз қабілетіне сай кәсібін таңдаса, талай жетістіктерге жетеді, әрине, еңбектің, ізденістің арқасында. Менің жағдайымды айтсам, бала кезімнен сурет салуға, саз балшықтан үй жануарларының бейнесін жасауға құмар болдым. Әліппені аяқтағаннан бастап, әкем газеттердің бас мақалаларын оқытып, менің ойымды тыңдап отыратын. Сол әдет кейіннен «Балдырған» журналы мен «Қазақстан пионері» газетіне қызығушылығымды оятты. Соңғы сыныптардан бастап түрлі кітаптарды жастанып, оқи бастадым. «Қазақстан пионері» газетінде Өтеш Қырғызбаев есімді оқушының мақалалары жиі жарияланатын еді, мен де сондай болуға ұмтылып, өз шығармаларымды редакцияға жолдайтын болдым. Көбі жарық көрмесе де, редакциядан «Талабың дұрыс, әлі де ізден» деген үміттендіретін келіп тұрды. Осылайша қаламмен танысқаннан кейін, аудандық газеттерде менің хабар-ошарым шыға бастады. Сегізінші сыныптан бастап «Қазақстан әйелдері» журналында жарияланатын «Құпия сөзді» құрастыруға машықтанып, белгілі авторлардың қатарында өз орнымды таптым. Мектеп бітірген жылы ауылымыздан жүз шақырымдай жерде, Қызылқұм ішіндегі фермаға қозы сою пунктіне жіберілдім. Сол жерде үлкен плакат қағаздар тауып алып, малшылар мен жұмысшы-қызметкерлерге арналған «Кең өріс» деген қабырға газетін шығара бастадым. Бас мақаласын өзім жазып, суреттерін салдым, қабырғаға қамырмен жапсырып қоятынмын. Қыр-қырдың астынан келетін шопандар оны оқып, қыран-топан күлісіп жатады. Кейбірі дүкенге барып, мәре-сәре болып қоятын. «Бала, ендігі газет қашан шығады?» деп асықтыратындары да бар. Сол кезде облыстан келген өкілдер қабырға газетін көріп, «Жазушы болатын бала екен» деп парторгке мақтағаны есімде. Сол сәттердің әсері үлкен болды. Ауыл шаруашылығында біраз жыл қызмет істесем де, газет пен қаламнан қол үзген емеспін. Жазу мен сызу – бала кезден басталған хоббиім, кейіннен кәсібіме айналған.

– Шығармашылыққа шабыт қалай келеді? Ең жемісті жылдарыңыз қашан болды?
– Қаламға қолымды алсам, «осы шаруаны бітіруім керек» деген сеніммен бастаймын, сол кезде ой мен сөз өздігінен келеді. Тоқсаныншы жылдардың ортасында әзіл-сықақтарым облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарық көрді. «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» сияқты газеттердің тұрақты авторы болдым, кейін «Сыр бойы» газетінде руханият бөлімін басқардым.

– Алғаш жазған сатиралық шығармаларыңыз есіңізде ме?
– 1975 жылдың шілдесінде «Жалқау келін» атты сықақ өлеңім «Ленин жолына» шықты. Кейін «Сериялы жиналыс» және «Гөзал келе жатыр» әңгімелерім жарық көрді. Әзіл әрдайым көңілді көтерумен шектелмейді, кейде ойландырады.

– Қаламгердің алғашқы үлгі тұтқандары кім болды? Қазір кімдерді оқисыз?
– Бала кезімнен кітаппен дос болдым. Жақсы кітап адамды тәрбиелейді, ойға жетелейді. Қазір «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас Алаш» газеттерін тұрақты оқимын, сонымен қатар Оралхан Бөкей, Тұрысбек Сәукетей, Ордабек Шаяхметов шығармаларын парақтаймын.

– Оқырман сіздің қай шығармаларыңызды ерекше қабылдады деп ойлайсыз?
– «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Үшінші тайм», «Ауылдың айтқыштары», «Сыпыра сыйлық», «Көк иненің көзі». Әр кейіпкерде өмірдің өзіндік сатиралық көрінісі бар: қарапайым ауыл өміріндегі оқиғалар да қаламымда күлкі мен ойға толы дүниелерге айналады.

– Осындай тәжірибе мен жылдар бойғы еңбектен кейін, сіздің ойыңызша, қазіргі қоғамда сатираның рөлі қандай?
– Бүгінде қоғамда сатираны көп адам дұрыс түсінбейді. Кейде театрлар сахналаған сатиралық шығармаларды әртістер өз қалауынша оқып, өздері естігендей түсіндіреді. Көпшіліктің ойынша, сатира деген тек күлдіру керек сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде сатира – бұл тек күлкі емес. Ол салмақты ой, ойландыратын, жүрек пен сананы қозғайтын өнер. Сол себепті, сатираның басты мақсаты – көңілді сергіту емес, адамдарға ой салу, шындыққа көз жеткізу.

– Жақсы әзіл мен орынсыз әзілдің айырмашылығы неде?
– Жақсы әзіл ешкімді ренжітпей, ойландырып күлдіреді. Ал орынсыз әзіл адамның намысына тиіп кетуі мүмкін. Әзілдің де өз мәдениеті болуы керек.

– Жастардың юморын қалай бағалайсыз?
– Жастар креативті, қиялы шапшаң, әзілге ерекше бейім. Сол ерекшелігі жақсы, өйткені олардың ойы мен қиялы қоғамның жаңа тенденциясын көрсетеді. Дегенмен, кейде олар жеңіл, қарапайым әзілге тым әуестеніп кетеді. Мұндайда әзілдің мәні тереңдеп, ой салатын, жүрекке тиетін қасиеті азайып қалуы мүмкін. Меніңше, жастардың юморы тек күлкі тудырып қана қоймай, ойландыратын, әрбір сөзінің астарлы мәні бар, адамға ой салатын деңгейге жетсе, ол нұр үстіне нұр болар еді. Сол кезде олардың қаламынан туған әзілдер тек көңіл көтермей, қоғамға шынайы әсер етіп, адам ойына ой қосар еді.

–Сатира жанрында қалам тербеп жүрген шәкірттеріңіз бар ма?
–Өкінішке қарай, нақты шәкірттер жоқ. Дегенмен, қаламға құмар, өз ойын дамытуға дайын жастар болса, мен әрдайым оларға бағыт беруге, тәжірибеммен бөлісуге дайынмын. Бұл жанрға қызығушылық білдірген әр жасқа есігім ашық. Шынайы қалам мен терең ойға құмар жандармен жұмыс істеу мен үшін әрдайым қуаныш әкеледі.

– Шетелдік сатириктерден кімдерді ұсынар едіңіз?
– Әлемдік сатирада үйренер дүние көп. Мысалы, Марк Твен шығармаларында қоғамды әжуалау өте шебер берілген. Сондай-ақ Джордж Оруэлл туындыларында да астарлы сатира терең жатыр. Осындай еңбектерді оқу жас қаламгерлерге үлкен тәжірибе береді.

– Сізді ең қатты күлдірген оқиға есіңізде ме?
– Өмірдің өзі қызық қой. Кейде ең қарапайым көріністердің өзі күтпеген күлкі әкеледі. Мысалы, ауылдағы күнделікті тіршілікте шопан мен малдың арасындағы әзіл-қалжың, кездейсоқ жағдайлар күлкіге толы сәттерді сыйлайды. Шынайы өмірдің өзі – ең үлкен сатира, ең терең күлкі. Кейде қарапайым ғана оқиға, тіпті мән бермейтін жағдайлар адамның көңілін көтеріп, ойға салады. Сол арқылы мен күлкі мен ойдың қатар жүретінін көріп, әр күннен жаңа шабыт аламын.

– Оқырманға қандай тілегіңіз бар?
– Күлкі мен ойдың қатар жүретін сәттерін бағалай білейік, әр күннен шабыт алып, өмірге сәттілік пен қуаныш қосайық. Ал қаламгер болуды армандаған жастарға айтарым: шынайы қалам мен терең ойға құмар болсаңыз, ешқашан тоқтамаңыз. Әзіл – тек күлкі емес, ол жүрек пен ойдың айнасы.

Әңгімелескен Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ