Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум күні 4 сәби дүниеге келді

Референдум күні 4 сәби дүниеге келді

Республикалық референдум күні Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының перзентхана бөлімінде 4 сәби өмір есігін ашты. Олардың екеуі ұл, екеуі қыз бала.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аналар мен нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Барлығы медициналық бақылауда болып, тиісті ем-домдарын алуда.
Сонымен қатар аурухана аумағында ұйымдастырылған жабық референдум учаскесінде ем қабылдап жатқан 115 азамат дауыс беріп, өздерінің таңдауын жасады. Референдум комиссиясы барлық қажетті шараны қабылдап, ем алушылардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына толық жағдай жасады.
Айта кету керек, республикалық референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның бірі.

«Өскен өңір» ақпарат
16 наурыз 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930