Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі №287 референдум учаскесінде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Қазіргі таңда Шиелі ауданында барлығы 40 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Оның 14-і аудан орталығы – Шиелі кентінде орналасқан. Шиелі ауданы бойынша 49 167 сайлаушы референдумға қатысып, өз таңдауларын жасау мүмкіндігіне ие.
Референдум учаскелері таңғы сағат 06:00-де ашылып, дауыс беру 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін жалғасады. Сонымен қатар  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан референдум аясында учаскелерде ұлттық дәстүрлер насихатталып, бірқатар орындарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылуда.
Сондай-ақ, референдум күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан аумағында қоғамдық көліктер тегін қатынауда.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз 2026 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930