Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау тұрғындары референдумда дауыс бере бастады

Маңғыстау тұрғындары референдумда дауыс бере бастады

Маңғыстау тұрғындары референдумда дауыс бере бастадыБүгін облыстағы дауыс беру учаскелері таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылды. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, тұрғындар таң сәріден дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. Маңғыстау облысында 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскеде 1 734 адам жұмыс істеп жатыр.
250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағы тұтқындар, ауруханадағы науқастар дауыс береді.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес референдумға қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатысады. Облыста 6 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Референдум кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда облыста дауыс беру құқығына ие 2 923 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Олар үшін арнайы бөлмелер дайындалды.
06 қазан 2024 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031