Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 103 жастағы майдангер алғаш келіп өз таңдауын жасады

103 жастағы майдангер алғаш келіп өз таңдауын жасады

Бүгін еліміз бойынша республикалық референдум өтуде. Маңызды саяси науқанда учаскеге алғаш болып келген 103 жастағы майдангер өз таңдауын жасады. Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
  • Біз қазақ «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Бірлік әрқашанда маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын,-деді майдангер.
Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаске бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.
 
06 қазан 2024 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031