Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүректен шыққан саз бен үн

Жүректен шыққан саз бен үн

Жақында Нартай өнер мектебінде кезекті жарқын мереке өтті. «Сөз бен саз» республикалық шарасының аудандық іріктеу кезеңі оқушыларға өз сезімін, таланты мен шығармашылығын ашуға арналған ерекше мүмкіндік болды. Сахнада әрбір нота, әрбір үн тыңдаушылардың жүрегін тербеп, өнердің шынайы күші сезілді.
Кіші топтағы (8-13 жас) «Күй өнері» номинациясында Нартай мектебінің шәкірттері жоғары нәтиже көрсетті. І орынды Ернұр Құрманәлі жеңіп алып, жетекшісі Шынболат Жансейтовтың тәлімін толық көрсетті. Ернұрдың күйлері тыңдаушыларды рухани саяхатқа шығарып, әрбір үн жүрекке жетті. ІІ орынды Нұрмұхаммед Әшімхан (жетекшісі Гүлшат Сыздықова), ІІІ орынды Нұрмұхаммед Әбдіғаппар (жетекшісі Жансейтов Шынболат) иеленді.
Дәстүрлі ән номинациясында да оқушыларымыз ерекше көзге түсті. Үлкен топтағы (14–18 жас) 1-орын Айқын Ерболатұлыға бұйырды, жетекшісі – Нұртілек Ақтаев. Кіші топта І орын Асылжан Ордабекке, ІІ орын Мырзатай Тұрмановқа, ІІІ орын Нұрмұхаммед Әбдіғаппарға табысталды. Сонымен қатар Арсен Мәдібек, Нұриман Нағмет және Жасұлан Сейтқасым алғыс хатпен марапатталып, олардың еңбегі бағаланды. Жетекшілер – Шынболат Жансейтов, Гүлшат Сыздықова, Нұртілек Ақтаев және Ізбасхан Дәулетхан – шәкірттердің өнерге деген талпынысын қолдап, олардың әрбір жетістігіне үлес қосты.
Оқушыларға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз. Бұл байқау тек жеңіс үшін емес, шығармашылық ізденіс пен өнерге адалдықтың көрінісі. Нартай өнер мектебінің шәкірттері сахнада жүректен шыққан саз бен сөз арқылы өз таланттарын көрсетті.

Айнұр ИБРАШЕВА
03 наурыз 2026 ж. 26 0

Қоғам

Көп қырлы қаламгер

03 наурыз 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031