Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кофе адамдың зейінін жақсартады – ғалымдар

Кофе адамдың зейінін жақсартады – ғалымдар



Американың Огайо штаты университеті мен Дейвис штатындағы Калифорния университетінің ғалымдары кофе адамның зейіні мен ұжымда жұмыс істеу қабілетін жоғарылататынын анықтады. Мамандардың мақаласы Journal of Psychopharmacology журалында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі MedicalXpressсайтына сілтеме жасап.

Зерттеуге 72 студент қатысты. Олар эксперимент жүріп жатқанын білген жоқ. Кофенің жаңа брендінің дәмін көріп, жоғары мектепке түсу үшін топтық пікірталас жүргізу керек деп ойлады. Мамандар зерттеуге күніне кофені аз ішетін (күніне 4 кесе) және аллергиясы жоқ адамдарды іріктеді. Содан соң қатысушыларды екі топқа бөлді. Біріншісіне пікірталас бастамай тұрып, 270 миллиграмм кофеин беріп отырды, ал екінші топқа пікірталастан кейін берілді.
Қатысушылар түгел кофесін ішіп болғаннан кейін оларға 15 минут бойы халықаралық «Оккупай» наразылық қозғалысы тақырыбында ойлану туралы айтылды. Кейін топтық пікірталас үшін соған қатысты ұсыныстар беру керек болды. Сол кезде қатысушылар өздерінің және бақа да қатысушылардың қызығушылық деңгейін бағалады.
Сонда тапсырма орындағанға дейін кофе ішкендердің (кейін ішкендермен салыстырғанда) ұжымда жұмыс істеу қабілеті 1,4 есе жақсарған. Ал, кофені кофеинмен және кофеинсіз ішкен 62 студент қатысқан басқа экспериментте де осындай нәтиже шығады. Бұдан басқа, қатысушылар зейін қабілетінің жақсарғанын айтады. Осылайша, ғалымдар кофені тапсырмаға дейін ішкендер пікірталасқа белсене араласып, өз үлестерін қосуға тырысты деген қорытынды шығарды.


материал Baq.kz сайтынан алынды
06 маусым 2018 ж. 858 0