«АРМАН» МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ
Шара басында «Арман» мәдениет үйінің 10 жылдық шығармашылық жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Кіре беріс фойеде мерейтойға арналған «Сырлы бояу» қолөнер және сурет үйірмесінің көрмесі қойылып, аудан басшысына үйірмеге қатысушы оқушылар қолөнер бұйымдары мен салған суреттерімен таныстырды.
Кешке арнайы аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысып, «Арман» мәдениет үйінің ұжымын мерейтойларымен құттықтап, жыл көлемінде атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Айтбай Насриддинұлы ауданның мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпорын қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.
«Үш дәуірдің куәсі» атты арнайы 10 жылдық мерейтойға арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылып, кітаптың лентасын аудан әкімі Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Ноғайбаев Әлмырза Әліұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исмайлов Өркен Әзімханұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбетова Нәйла Әбілқасымқызы, Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлімбетов Болат Мәлібекұлы қиып көрерменге көрсетті.
Кешке арнайы шақырылған елімізге белгілі әнші, композитор Әл-Фараби Бекарысұлы «Арман» мәдениет үйі мекемесінен алғашқы жұмыс бастаған орнына келіп, «Шиелім» әнін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Кеш барысында «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған ән мен би, өмірден өткен тұлғаларға тағзым қойылымы, ретро әндерден әндесте, үйірме оқушыларының өнерін тамашалап көрермендер тарапынан ризашылықтарын білдіріп, қол соғып, мәз мейрам болып отырып тамашалады.
Кеш қонақтары аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найлә Палымбет, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Роза Мизамбаева, ауылдық мәдениет және клуб үйілерінің атынан белгілі ақын, Алғабас ауылдық мәдениет үйінің директоры Кенжебай Жүсіп пен Байсын ауылдық клуб үйінің директоры Гүлшат Әбдімомынова құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның құрылу тарихын, өнер ордасының жетістіктерін тілге тиек етіп, арнайы құттықтау адресаты мен гүл шоқтарын табыстады.
Кеш соңында «Арман» мәдениет үйінің қызметкерлері сахна төрінен көрініп, «Арман» мәдениет үйінің гимнімен қорытындыланды.
Айта кету керек, мәдениет үйінің 10 жылдық мерейтойының жақсы өтуіне атсалысқан ауданның кәсіпкер азаматтарына алғыс айтамыз. Кәсіптеріңіздің несібесін көре беріңіздер дегіміз келеді.







