Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыспен қамту: жүйелі шаралар ғана нәтиже береді

Жұмыспен қамту: жүйелі шаралар ғана нәтиже береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қыркүйек айындағы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бүгінгі заман талабы және әлемдік дамудың негізгі қозғалтқыш күші цифрландыру екеніне ерекше тоқталды.
Цифрландыру экономиканың барлық саласына енгізілуде. Оның ішінде жұмыспен қамту саласында деректер қорын сәйкестендіру арқылы жұмыс іздеуші азаматтардың ақпараттық жүйелерден лайықты жұмыс орнын таңдауына мүмкіндік береді.
Осыған байланысты халықты жұмыспен қамту бағытында, Шиелі ауданы прокуратурасының бастамасымен жұмыс берушілердің сұранысы мен ұсынысын айқындай отырып, аудан тұрғындары мен пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан ­айыру орындарынан босатылған жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету және бос жұмыс орындары туралы кеңінен ақпарат беру мақсатында өткен аптаның жұмасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, аудандық прокуратураның аға прокуроры Нұрдәулет Исаев сөз сөйлеп, ұйымдастырылып отырған шараның маңызы мен өзектілігіне тоқталды
2025 жылы Шиелі ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған
72 азамат есепке алынған. Есепте тұрған азаматтардың 19-ы жұмыс іздеуші ретінде тіркеуге алынып, жұмыс орындарына белгіленген квота шеңберінде 5 азамат, квотадан тыс 2 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 азамат, 1 азамат «Жастар практикасы» арқылы уақытша жұмыстарға, 1 азамат 1 айлық маусымдық жұмысқа жолданған
5 азаматқа «Бастау-бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз мемлекеттік грант тағайындалған. Сонымен қатар 3 азамат Шиелі индустриалды аграрлы колледжінде 10 айлық курсқа жаңа мамандық игеру үшін жолдама алды.
Жәрмеңкенің жалпы жұмысына келсек, аудан көлеміндегі жұмыс беруші мекемелер мен аудан көлемінен тыс жерде орналасқан 42 жұмыс берушілерден 91 бос жұмыс орындары ұсынылды, сонымен қатар мемлекет тарапынан субсидияланатын уақытша 136 жұмыс орындарын (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, күміс жас) ұсынып, «Мансап» орталығының мамандары және жұмыс берушілер кеңінен ақпарат берді.

М.Кеңесұлы
09 ақпан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728