Бидайкөлдің бір жылы
Өткен жыл Бидайкөл ауылы үшін мазмұнды істерге, нақты нәтижелерге толы болды. Мәдениет, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым бағытындағы жұмыстар елді мекеннің даму қарқынын айқын аңғартты.Мәдениет – ауылдың рухани өзегі
Бидайкөл ауылдық мәдениет үйі 1977 жылы салынған. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимаратқа он жылдан соң тағы да 18 млн 252 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 250 орындық көрермен залы бар мәдениет үйінде бір жыл ішінде 102 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 7 мыңға жуық көрермен қамтылды.
Ұлттың салт-дәстүрін ұлықтаған мерекелік кештер мен тақырыптық бағдарламалар жыл бойы үздіксіз өтті. Алғыс айту күніне, халықаралық әйелдер мерекесіне, Наурыз мейрамына, Жеңіс күніне, конституция және республика күндеріне, Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты шаралар ауыл жұртшылығын бір арнаға тоғыстырды. Әсіресе «Ұлағатты әжелер – ұлт ұйытқысы», «Ана – өмірдің гүлі», «Наурыз – құт-береке бастауы», «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» секілді кештер көптің көңілінен шықты.
– Ұжымда 10 қызметкер еңбек етеді. Мәдениет үйінде ересектер, балалар мен жастарға арналған 7 үйірме жұмыс істейді. Оған 78 адам тұрақты қатысады. «Ақ тілек» әжелер ансамблі, «Сазды әуен» фольклорлық ұжымы, «Шаттық» ән үйірмесі мен «Көркемсөз әлемі» үйірмесінің тәрбиелік маңызы зор. Үйірме мүшелері халықаралық, облыстық және аудандық байқауларда жүлделі орындардан көрініп, ауыл абыройын асқақтатты, – дейді мәдениет үйінің директоры Қ.Сейділдаева.
Әсіресе ауылдағы «Әжелер ансамблі» өткен жылы біршама жетістікке жетті. Алдымен «Ауыл күндері» байқауында ерекше өнерімен көзге түскен ақ жаулықтылар «Сазды әжелер» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алса, «Әжелер салған ән қандай» сайысының аудандық кезеңінде ІІ орынды иеленді. Одан бөлек түрлі шарада бой көрсетіп, әдемі келбеті, әуезді әндерімен тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.
Әлеуметтік ахуал және денсаулық көрсеткіштері
Ауыл тіршілігінің тынысы тек еңбекпен, біліммен емес, адам саулығын күзеткен ақ халатты абзал жандармен де өлшенеді. Осы тұрғыда елді мекенде халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп отқан дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Онда бір дәрігер, әлеуметтік қызметкер мен 2 фельдшер, 9 аймақ аяжаны және ем шара медбикесі халыққа қызмет көрсетуде. Ауылда 456 науқас дәрігер есебінде тұрса, 35 тұрғын қант диабеті бойынша тіркелген. Денсаулық сақтау саласында созылмалы ауруларды бақылау, алдын алу жұмыстары жүйелі жолға қойылған.

Берекелі еңбек – ауыл экономикасының тірегі
Жергілікті жұрттың басым бөлігі атакәсіпті берік ұстанып, егін егу мен мал өсіруді, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді негізгі тірек еткен. Сыр бойының дархан даласында төгілген маңдай тер еш кеткен емес. Былтыр да ауылдың қамбасы кең болды. Егіс алқаптары да мол ауқымды қамтыды. Ауылда негізінен егін егумен 63 шаруа қожалығы айналысады. Олардың ең ірісі «Бидайкөл» шаруа қожалығы өткен жылы 800 гектар жерге күріш егіп, әр гектарынан 60 центнерден өнім алды. Нәтижесінде қамбаға 4800 тонна Сыр маржаны құйылды. Бұл – өңір үшін қомақты көрсеткіш. Күріштен мол өнім алған звено жетекшілері қатарында Ерлан Айдаров, Нұрмахан Жәлелұлы, Айдар Молдраймов сынды тәжірибелі шаруалар бар.

Сонымен қатар бақша дақылдары 350 гектарға, ескі жоңышқа 425 гектарға, жаңа жоңышқа 125 гектар жерге егілді. Бұл – ауылдың азық-түлік қауіпсіздігі мен мал азығы қорының да назардан тыс қалмағанын көрсетеді.
Өз бюджеті – өз мүмкіндігі
Бидайкөл ауылы IV деңгейлі бюджет мүмкіндігін нақты іске жаратып отырған елді мекендердің қатарында. Табыс салығынан түскен қаржы есебінен биыл мектеп жанындағы стадионды толық аяқтау жоспарланып отыр. Бұған дейін «Ру-6» мекемесінің демеушілігімен біршама жұмысы жүргізілген спорт нысанына алдағы уақытта шамамен 60 млн теңге жұмсалмақ.

Сонымен қатар ауылдағы И.Маханбетов пен Пірімбетов көшесіне жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары қолға алынады. Ауыл әкімі Серік Жүсіпов күн жылысымен құрылыс басталатынын, аталған жобаның барлығы ауылдың өз бюджеті есебінен жүзеге асатынын атап өтті. Бұл – жергілікті қаржының ел игілігіне нақты жұмсалып жатқанын білдіреді.
Руханият пен еңбек қатар өрілген, жауапкершілік пен ынтымақ салтанат құрған бұл ауылда атқарылған істер аз емес. Ең бастысы – басталған жұмыс бар, жоспарланған, еңселі ертеңге деген сенім бар.
Бір сөзбен айтқанда Бидайкөл – берекелі еңбегімен, бірлігімен алға басып келе жатқан ауыл.
Гүлхан ЯХИЯ