Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҒИМАРАТҚА ТИІМДІ ШЕШІМ

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҒИМАРАТҚА ТИІМДІ ШЕШІМ

Күн сайын келбеті артып, жаңа құрылысы жанданып келе жатқан ауданда тозығы жеткен нысандар да аз емес. Олардың көзін тауып қалыпқа келтірсе, кейбірінің ескіргені сонша, мүлде жарамсыз кейіпке түскен. Бұрын мемлекеттің меншігінде болған мұндай ғимараттарды қайта жөндеуге қыруар қаржы керек. Сондықтан тиімділігіне қарай заң аясында тұрғындарға үлестірген де жөн.
Өткен апта соңында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында осындай тозығы жеткен ғимарат мәселесі қаралды. Басқосуда экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Жұмаділ коммуналдық меншіктегі кейбір мүліктерді жекешелендіру жөнінде хабарлама жасады.
Құжатқа сәйкес, Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданы, ГРП-2 көшесі, 31 және 13 мекенжайларда орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы №127 орта мектептің ғимараттары 1980 жылы салынған.
– Қазіргі уақытта бұл ғимараттар бос тұр, пайдалануға жарамсыз, техникалық және моральдық тұрғыдан тозған. Оларды қалпына келтіру үшін қомақты қаржы қажет, сондықтан мемлекеттік мекемелерге қайта беру қажеттілігі жоқ, – деді бөлім басшысы.
Комиссия отырысында ғимараттарды есептен шығарып, заңнамаға сәйкес электронды аукцион арқылы өткізу шешімі қабылданды. Бұл шара коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану, оның ұстауға кететін шығындарын азайту және аудан бюджетіне қосымша кіріс әкелу мақсатында жүргізіледі.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
03 ақпан 2026 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728