Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтау қаласының жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді

Ақтау қаласының жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді

Ақтау қаласының жылу желілерін жөндеуге қаржы бөліндіҮкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, құжат Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.
Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде автомобиль жолының ең тозығы жеткен ұзындығы 11,5 км учаскесін реконструкциялауға бағытталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін мердігер ұйымның қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған еді.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Ақтау қаласының жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста. Қабылданған шаралар нәтижесінде желілердің тозуы төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
10 қазан 2024 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930