Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда төрт «жасыл» электр стансасы салынады

Қазақстанда төрт «жасыл» электр стансасы салынады

Қазақстанда төрт «жасыл» электр стансасы салынадыБүгін Мәжіліс 2024 жылдың 12 қарашасында Баку қаласында қол қойылған Қазақстан және Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады, деп жазады Egemen.kz.


Құжат аясында тараптар жаһандық жылынумен күресу мақсатында Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері мен тұрақты даму саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және жүзеге асыру барысында күш біріктіреді.

Келісімге сәйкес жиынтық қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр және қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр стансасы салынады. Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында іске асырылады.
Нәтижесінде 100-ден астам тұрақты және шамамен 1500 уақытша жұмыс орны ашылып, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады. Сондай-ақ жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі. Қазақстан тарапынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.
Аталған жобаларды жүзеге асыру жаңартылатын энергия көздерінің үлесі бойынша индикативтік көрсеткіштерді (оның ішінде 2030 жылға қарай 15%-ға жету мақсаты) орындауды қамтамасыз етіп, ұлттық стратегиялық құжаттарда бекітілген еліміздің көміртекті бейтараптық мақсатына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.
28 қаңтар 2026 ж. 43 0