«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «М. Шоқай» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жалғызбасты қарт адамдарға қолғабыс көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты қарттардың тұрмыстық мәселелеріне назар аударылып, қажетті көмек көрсетілді. Партия мүшелері қарт кісінің үйін қардан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қолдау білдірді. Аталған бастама ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта да партиялық жоба аясында осындай игі шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру жоспарлануда.
Қамқорлық – басты құндылық!
Ардагерлерге құрмет – ұрпақ парызы!







