Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰМАУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

ТҰМАУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн.-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады. Қазақстан Республикасы аумағында ЖРВИ  және тұмауға шалдығу эпидемиялық үдерісін сипаттайтын көпжылдық деректерді талдай отырып, эпидемиялық маусымды қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады деп болжауға болады. Індет көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар мен егде жастағы (65 жастан асқан) азаматтарда тіркеледі.
2025 жылы Шиелі ауданында 12 айда жоғары тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасымен 3958 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 2196 жағдайға аурушаңдық көтерілген.  (2024жылы 1762 жағдай)
 Аурудың  алғашқы  белгілері  байқалысымен дер  кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор. ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады.
Бүгінгі таңда түрлі топ ЖРВИ қоздырушы 200-ден аса вирустың түрі (парагрипп вирусы, тұмау вирусы, аденовирус, риновирус, энтеровирус, т.б) бар екені белгілі.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі, ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі. ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді.
Екпе жасау – тұмаудың  алдын  алудағы  анағұрлым  тиімді  әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың  ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі  асқынуларын  болдырмауға мүмкіндік туады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғындардың келесі топтары арасында: созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, жүрек кемістігімен сырқаттанған балалар және жабық мекемелерде (балалар үйлері, мектеп-интернаттар) жиі сырқаттанатын және әлсіз балалар, қарттар үйіндегі адамдар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер арасында тұмауға қарсы екпе жүргізілуде. Ауданда тұмауға қарсы егу қыркүйек  айынан басталды. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 8900 адам тұмауға қарсы екпе салдырды.
Сондай-ақ, азаматтарға ақылы негізде және жұмыс беру­шінің қаражаты есебінен екпе жасау қарастырылған.
Алдын алу шаралары:
Ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін саламатты өмір салтын ұстану;
Бетперде тағу, қоғамдық орындарға барған соң қолды тазалап жуу, жөтел кезінде ауызды жабу, ғимаратты жиі тазалау мен желдету сынды санитарлық-гигиеналық режімді ұстану жатады. Бетпердені ауырған адам да, қасындағы азаматтар да тағуы тиіс;
Салқын тигеннен болатын аурудың алдын алу – мезгілдік тұмау індеті кезінде ғана емес, азаматтар әрқашан өз денсау­лығына күтіммен қараған уақытта ғана нәтижелі жүзеге асады. Тиімді тамақтану, саламатты өмір салтын ұстану, ағзаны шынықтыру мен спортпен айналысу – ағзаның салқын тиюге қарсыласу дәрежесін көтереді және басқа көптеген аурулардың пайда болуының алдын алады.
Құрметті аудан тұрғындары! Өз өміріңізді, ден­саулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыз!

Г.Айтекеева, 
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы  
23 қаңтар 2026 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031