Тұмау – өте жұқпалы ауру
Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік-экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады. Қазақстан Республикасы аумағында ЖРВИ және тұмауға шалдығу эпидемиялық үдерісін сипаттайтын көпжылдық деректерді талдай отырып, эпидемиялық маусымды қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады деп болжауға болады. Індет көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар мен егде жастағы (65 жастан асқан) азаматтар да тіркеледі.
2023 жылы Шиелі ауданында жоғары тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасымен 1061 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 577 жағдайға өскендігі байқалады. (2022 жылы 484 жағдай)
2023 жылы Шиелі ауданында жоғары тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасымен 1061 жағдайы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 577 жағдайға өскендігі байқалады. (2022 жылы 484 жағдай)
Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор. ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады.
Бүгінгі таңда түрлі топ ЖРВИ қоздырушы 200-ден аса вирустың түрі (парагрипп вирусы, тұмау вирусы, аденовирус, риновирус, энтеровирус, тағы басқа) бар екені белгілі.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі.
ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді.
Екпе жасау – тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік туады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғындардың келесі топтары арасында: созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, жүрек кемістігімен сырқаттанған балалар және жабық мекемелерде (балалар үйлері, мектеп-интернаттар) жиі сырқаттанатын және әлсіз балалар, қарттар үйіндегі адамдар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер арасында тұмауға қарсы екпе жүргізілуде. Ауданда тұмауға қарсы егу қазан айынан басталды. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 3442 адам тұмауға қарсы екпе салдырды.
Сондай-ақ азаматтарға ақылы негізде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен екпе жасау қарастырылған.
Алдын алу шаралары:
Ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін саламатты өмір салтын ұстану;
Ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін саламатты өмір салтын ұстану;
Бетперде тағу, қоғамдық орындарға барған соң қолды тазалап жуу, жөтел кезінде ауызды жабу, ғимаратты жиі тазалау мен желдету сынды санитарлық-гигиеналық режимді ұстану жатады. Бетпердені ауырған адам да, қасындағы азаматтар да тағуы тиіс;
Салқын тигеннен болатын аурудың алдын алу – мезгілдік тұмау індеті кезінде ғана емес, азаматтар әрқашан өз денсаулығына күтіммен қараған уақытта ғана нәтижелі жүзеге асады. Тиімді тамақтану, саламатты өмір салтын ұстану, ағзаны шынықтыру мен спортпен айналысу – ағзаның салқын тиюге қарсыласу дәрежесін көтереді және басқа көптеген аурулардың пайда болуының алдын алады.
Құрметті аудан тұрғындары! Өз өміріңізді, денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыз!
Г.Айтекеева,
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы