Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмауратқыңыз келмесе...

Тұмауратқыңыз келмесе...


Күн райының өзгеруіне байланысты тұрғындар арасында тұмау өршіп кетеді. Олардың көпшілігі – балалар. Әдетте біз тұмауға жеңіл-желпі қарай саламыз. Алайда бұның соңы денедегі өзге де созылмалы ауруларды өршітіп, асқынуға әкелуі мүмкін. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау микробы ауаға жөтелгенде, түшкіру арқылы таралады.
Күн салқындаған кезде тұрғындар арасында тұмау ауруы көбейетіні белгілі. Шиелілік дәрігерлер тұмаудан сақтануға немқұрайды қарамау қажеттігін айтады. Сондықтан, тұмауды алдын алатын ең тиімді және ғылыми негізделген әдіс ол – вакцинация. Тұмауға қарсы вакцинациялау қазан айы бойы жүргізіледі. Медицина қызметкерлері, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар, әлсіз және алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, балалар үйлері, сәбилер үйлері балалары, қарттар үйі тұрғындары, жүктіліктің екінші, үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиялогияық көрсетілімдері бойынша 60 жастан асқан адамдар, мектеп-интернат және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары жергілікті бюджеттен ақысыз вакцинация егіледі. Эпидемиолог дәрігер Жанар Шохаеваның айтуынша, «Аудан көлемінде 9800 адамға ақысыз тұмау ауруына қарсы вакцина егу жұмыстары 1 қазаннан бастап басталып кетті. Бүгінгі күнге дейін 6212 адамға екпе салынып, жұмыстар атқарылып келеді» – дейді.
Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы, түшкіргенде және жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бас айналу, әлсіздік, буындар мен сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы болады. Мамандар тұмау жұқтырған адамның өзін-өзі емдеумен айналыс­пауын, науқастанып қалған жағдайда мамандарға көріну керектігін, қажет жағдайда дәрігерді үйге шақыру қажеттігін айтады.
«Тұмаудың эпидемиялық маусымы қазаннан сәуірге дейін жалғасады. Қаңтарда ауру өршиді. Сондықтан, тұрғындар вакцинадан бас тартпай, емделу керек. Екпе салдырған адамдар да ауыруы мүмкін. Бірақ, жеңіл түрде өтеді. Бұл дәлелденген. Тұмау – ең қауіпті ауру. Адам иммунитетін азайтып, басқа ауруларға жол ашады. Адам ағзасы басқа аурулардың асқынуына әкеледі»,– дейді эпидемиолог дәрігер Ж.Шохаева.
Сондай-ақ, тұмау жұқтырған адамдар медициналық маска киіп жүруі керек. Ең тиімді әдісі таза ауада жиі серуендеу өкпенің вентиляцисын жоғарылатып, қан айналым жүйесін жақсартады. Үй де жұмыс орнын да жүйелі түрде ауаны тазартып желдетіп тұру қажет. Сонымен қатар, лимон, бал, таңқурай секілді құрамында С дәрумені бар өнімдерді жиі пайдалану керек.
Тұмау вирусының 150-ден астам түрі бар. Ал, адам соның ең ауыр және қауіпті деген біреуіне ғана қарсы вакцина ектіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маусым-шілде айында түрлі зерттеу, талдау жүргізіп, жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаның жаңа түрін шығарады. Көбіне вакцина тұмаудың А және В типіне қарсы жасалады.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
24 қазан 2018 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930