Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөздерден өрілген сиқырлы әлем

Сөздерден өрілген сиқырлы әлем

Кітаптардың сыбдыры мен парақтардың иісі әрдайым ерекше бір әлемге шақырады. Мұнда әр бет – ойға қанат бітіреді, әр сөз – жүректі тебірентеді. Сол сиқырлы әлемнің ішінде бала күнінен арманына жетіп, кітаптар мен оқырмандарға қызмет етіп келе жатқан бір жан – Гүлнар ­Саркеева бар.
Шиелі ауданында 37 мектеп бар, олардың барлығында кітапхана жұмыс істейді. Соның бірі – Г.Ковтунов атындағы №252 орта мектеп-гимназиясының кітапханасы. Жиырма жылдан астам уақыт бойы осы кітапхананың тыныс- тіршілігін Гүлнар ұстап келеді. Оның әр күні – кітаптармен сырласу, оқырмандарға жол көрсету, білім мен қиялдың тоғысында өткен бір саяхат сияқты.
Гүлнар – Ибрагим Саркеев пен Полина Анның отбасында дүниеге келді. Әкесі нан өнімдері базасында жұмыс істесе, анасы кенттік кеңесте бас бухгалтер қызметін атқарған. Ата-анасы қызының кітапқа деген сүйіспеншілігін ерте оятты, сондықтан Гүлнар мектеп оқушысы кезінен-ақ бос уақытын кітап оқуға арнады.
Мектептегі жылдары кітапхана меңгерушісі Мария Могильная оған үнемі:
– Гүлнар, сен біздегі барлық кітаптарды оқып шықтың, енді Абай атындағы аудандық кітапханаға жазылуың керек, – деп айтатын.
Осы сөздер Гүлнардың кітапқа деген ерекше қызығушылығын одан әрі арттырды. Мария Могильная кейін оған мектепті бітірген соң Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кітапханашы-библиограф мамандығын меңгеруге кеңес берген еді. Жоғары білімін алған соң Гүлнар туған мектебіне келіп, өз арманының бір бөлігін жүзеге асырды.
Қазіргі таңда мектеп кітапханасының қорында 38 901 кітап бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтар, көркем әдебиеттер, әдістемелік құралдар мен электронды оқулықтар мұнда жинақталған. Кітапхана тек мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, бүкіл ауданнан келетін кітап сүйер адамдарға да есігін ашып тұр. Бұл жақтан басқа кітапханаларда кездесе бермейтін ерекше кітаптарды табуға болады.
Айта кетейік, жуырда «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция өтті. 20-дан астам оқырман белсене қатысып, кітапхана қоры 65 жаңа кітаппен толықты.
Кітапханада өткізілетін іс-шаралар әрқашан кең ауқымды. Биыл «Жаңа кітаптармен танысыңыз», «Кітап әлеміне саяхат» атты көрмелер, бірінші сынып оқушыларына арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі» экскурсиясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Ең көп оқитын отбасы», «Ең көп оқитын сынып», «Жылдың үздік оқырманы» конкурстары, «Жастар – оқу аймағында» атты кітап дресс-коды, «Мен оқыдым, енді сіздерге ұсынамын» атты әдеби челлендж-видеороликтер, атаулы күндерге арналған буктрейлерлер оқырмандардың қызығушылығын арттырды. Барлық іс-шаралар «Рухани жаңғыру» және «Балалар кітапханасы» бағдарламалары аясында жүзеге асырылды.

М.Кеңесұлы,
сурет автордікі
31 желтоқсан 2025 ж. 32 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 31

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031