Заманауи оқырманға – заманауи кітапхана
Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Бүгінгі таңда әрбір адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің барлық іс әрекетіміз осы бағытта болуы керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады?
Әрине кітаптан. Өйткені, тәрбие мен білім егіз ұғым десек, жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орнындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Мектеп кітапханасы оқырман сұранысын толық қанағаттандыра алады. Бүгінгідей ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында да кітап, кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып оқырманмен біте қайнасып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып келеді. Бүгінгі кітапханалар тек кітап беретін орын болып қана қоймай, оқырман ақпарат алатын, бірлесе жұмыс жасайтын, ойын, білім, ғаламторды ұштастырған заманауи орынға айналуда. Кітапхана өмірі сырт көзге біліне бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жатады. Біздің кітапхананың мақсаты – кітапханаға оқырман тарту, кітап сөрелеріндегі кітаптарды оқырман қолына жеткізу. Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Біз мектеп кітапханашылары Қызылорда қаласы Н.Назарбаев зияткерлік мектебіне семинарға қатысып сол жақтан алған әдіс-тәсілдерімізді өз оқырмандарымызбен бөлісіп отырамыз. «3д кітап жасау», «Дәмді кітап», «Синквейн», «Пазл», «Сиқырлы сандықша», «Book Bingo» өткізу кітапханада оқырман санын арттыруға септігін тигізетіні анық. Мұндай іс-шаралар кітапхана қызметін жандандырып қана қоймай, оның имиджін қалыптастыруға да негіз болады. Мектеп кітапханашысының үздіксіз біліктілігін арттырып, соңғы жаңалықтармен таныс болуы да сондай маңызды. Кітап оқу бүгінгі күні әлемдік мәселеге айналып отыр. Біздің елімізде де «Бір ел – бір кітап», «Балалар оқуының қазақстандық картасы», «100 кітап» т.б. жобалар республика көлемінде жүзеге асырылуда. Осы «100 кітап» оқы жобасы аясында мектеп кітапханасында «30 кітап» жобасы жұмыс істейді. Бұл жобаның да басты мақсты кітапқа деген қызығушылықты арттыру және оқырман тарту.

Заманауи әдіс-тәсілдер білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, кітапхана жұмысында қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Мұндағы мақсат – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу. Кітапханалардағы коворкинг орталығы дегеніміз – заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған, адамның бос уақытының пайдалы әрі тиімді өтуіне негізделген және бірлесе жұмыс жасайтын орын. Әлбетте, мұндай жерлердің жастар үшін берері мол. Мұнда балалар уақытының тиімді өтуіне барлық жағдай жасалған. Интернет желісі іске қосылған арнайы компьютерден сабаққа қажетті кез келген материалдарды алуға болады. Балалар әдебиеті, газет-журналдар, ермексаз, бояу дәптерлері, тоқуға арналған бисерлер мен моншақтар, түрлі-түсті қағаз, шахматпен қамтамасыз етілген. Коворкинг балалар алаңы кітапханаларды руханият ошағына, замануи білім орталығына айналдыру мақсатында өзіміздің Шиелі ауданында №1 ауданаралық орталықтандырылған кітапханасында және ауылдық бірнеше кітапханаларда ашылды. Биылғы жаңа оқу жылында мектеп-лицей директоры Сауле Құрманәліқызының бастамасымен мектеп кітапханасында Коворкинг орталығы ашылып жұмыс жасауда. Сондай-ақ сурет салу, ермексазбен, қолөнермен айналысып, шахмат ойнайды. Электронды кітаптардың көмегімен сөздік қорларын молайтуға, көркем ойлауға мүмкіндік бар. Мұның өзі балалардың ой-өрісін арттыратын, олардың білімді болуына жасалған маңызды қадам. Бұл бір жағынан кітапхананың мобильді қызмет атқаруына, жұмысының жаңғыруына, қоғамдағы рөлінің артуына, кітапхана қызметіне деген сұраныстың артуына да сеп болады. Соған қоса уақытты тиімді өткізудің тамаша тәсілі. Алдағы уақыттарда осындай орталықтар мен оларға келетін оқырмандарымыз көбейіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Тұрсынкүл Нәбішева,
№47 М.Ломоносов атындағы
мектеп-лицей кітапхана меңгерушісі
№47 М.Ломоносов атындағы
мектеп-лицей кітапхана меңгерушісі