Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕХНИКА ПАРКІ ЖАҢАРУДА

ТЕХНИКА ПАРКІ ЖАҢАРУДА

Техникасыз ауыл шаруашылығы жұмысын сапалы әрі жүйелі мүмкін емес. Бұл бағытта ауданда айтарлықтай нәтиже бар. Соңғы төрт жыл көлемінде отандық және шетелдік техникалармен ауыл шаруашылығы құрылымдарының техника паркі 65 пайызға жаңартылған. Атап айтар болсақ, жаңа үлгідегі МакДон, Джон Дир, Класс маркалы комбайндарын және AXION, ZOOMLION маркалы тракторларын сатып алып, жаңа техникалармен толыққан.
Сондай-ақ осы жылдың 9 айында 1 комбайн, 21 трактор және 2 жүк тиегіш барлығы 24 дана жаңа техника әкелініп, ауданға 792 201 803 инвестиция тартылған.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында бар күзгі дала жұмыстарына 315 дана трактор, 47 дана комбайн, 69 дана жатка, 52 дана автомашина және 176 дана трактор тіркемесі қатысып, егінді уақытылы жинап алу жұмыстары сапалы жүргізілген.

М.ИБРАГИМ
29 желтоқсан 2025 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031