Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кітап - AMANAT» партиялық жобасы: руханият төріндегі тағылымды жүздесу

«Кітап - AMANAT» партиялық жобасы: руханият төріндегі тағылымды жүздесу

Шиелі ауданындағы Руханият орталығында аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, ҚР журналистер және жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз хатшысы Палман Лаура Тельманқызымен кездесу өтті.

Кездесуге ақынның туған топырағы – Еңбекші ауылының тұрғындары, өмір мен еңбек жолында өнеге қалдырған білім мен мәдениет саласының ардагерлері, жырсүйер оқырмандар, кітапханашылар және ақынның жақын жандары жиналды. Кеш барысында “AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, ардагер ұстаздар Құттықыз Ыханова, Жанәділова Феруза, Айғаным Абанқызы сөз сөйлеп, ақынның өмір жолы, отбасылық тәлім-тәрбиесі, балалық шағы мен шығармашылық бастауына қатысты тағылымды ойларын, жүректен шыққан жылы лебіздерін жеткізді. Шарада ақынның «Бұрым – жыр» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға рухани олжа ұсынған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесу кеш қорытындысында аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Гүлдана Жақыпова сөз сөйлеп, мұндай рухани жүздесулердің қоғам үшін маңызын атап өтіп, кеш қонағына, сөз алған қонақтар мен шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысы мен жылы лебізін білдірді.

Лаура Палманның жыры – жай ғана өлең емес,ол - жүректің сыбыры,сөздің сымбаты мен ойдың әсем үйлесімі. Ақынның әрбір жолынан нәзіктік пен тереңдік,тағдыр мен тағылым қатар сезіледі. Туған жерге, әке мен анаға деген сағыныш сезімдері жырмен төгіліп,жүректерді тербей түсті. Жырмен өрілген, бұл рухани кеш көпшіліктің жадында жылы әсерімен сақталып, кездесудің соңында ақынға гүл шоқтары тарту етіліп, шынайы ықылас пен құрмет көрсетілді.


25 желтоқсан 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031