Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үйлер түрлене түсті

Тұрғын үйлер түрлене түсті

Шиелі кентінде көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Өткен жылы тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын қаптау жұмыстарына 83,8 млн теңге қаржы бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 88,9 млн теңгеге жетті. Бұл шаралар үйлердің жылу сақтауы мен сыртқы көрінісін жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар Дәулеткерей көшесі №8, 10, 12, Яссауи көшесі №67, Шәкәрім көшесі №54, сондай-ақ Дәулеткерей мен Есабыз көшелерінің қиылысындағы №45 тұрғын үйлердің шатырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге 98,7 млн теңге қарастырылып, тиісті жөндеу жұмыстары сәтті жүзеге асырылды.
Кенттің көркін бұзып тұрған Т.Рысқұлов көшесі №19 мекенжайындағы ескі ғимарат сүріліп, оның орнына автотұрақ салынды. Бұл мақсатқа 67,8 млн теңге бөлініп, қазір автотұрақ қызмет көрсетуде.
Осылайша, Шиелі кентінде тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын көтеру үшін ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, кенттің көркін жаңартуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930